06.09.2022
105
КӨҢIЛГЕ ҚОНАР КӨГЕРШIН
Жалындап жанып, сөне алмай,
Жүрекке ерiк бере алмай,
Тiзгiнiн тартып төзiмнiң,
Жүрсiң-ау, жаным, келе алмай.
Санадан сырғып өте алмай,
Құрсауды шешiп кете алмай,
Тұсаудағы тұлпардай,
Жабығып тұрсың жете алмай.
Сезiмнiң селiн төгерсiң,
Махаббат нәрiн себерсiң.
Қанат байлап ұшарсың,
Сүйетiн болсаң егер шын.
Сағынтып бiр күн келерсiң,
Жанымды нұрға бөлерсiң.
Жауқазын жырлар бүр жарып,
Көңiлге қонар көгершiн.