06.09.2022
  103


Автор: Сәруар Қамаева

ӨҢIМ БЕ, ӘЛДЕ...

Өңiм бе,
Әлде түсiм бе?
Бiле алмадым, бәтiр-ау.
Көңiлiм шалқып,
Iшiмде
Сезiмдер толқып жатыр-ау.
Өртесем
Өлең отымен,
Жалындап жүрек жанады-ау.
Өлшесем
Ардың сотымен,
Өкiнiш болып қалады-ау.
Самалдай желпiп
Жылы леп,
Көңiлге алаң салады-ау.
Бойымды билеп
Құдiрет,
Жанымды баурап алады-ау.
Сезiмге бөлеп
Бiртүрлi,
Елiтiп, ертiп барады-ау.
Көмкерiп
Күмiс күлкiмдi,
Елес болып қалады-ау.





Пікір жазу