06.09.2022
93
КӨКТЕМ-КӨҢIЛ
Көгенделiп асау сезiм, от-демiм,
Арада жылдар өтiптi.
Өмiрдiң кетiп көктемi,
Сұрғылт күз қуып жетiптi.
Көктемге қайта оралып,
Жастығыммен табыстым.
От-жүректен шоқ алып,
Махаббатыммен қауыштым.
Көктемде бүгiн бүр жарып,
Майысар қайың ырғалып.
Шуақ күннен нәр алып,
Тұрғандай дүние нұрланып.