06.09.2022
  91


Автор: Сәруар Қамаева

КӨГЕРШIНIМ, КЕЛДIҢ БЕ?

Көгершiнiм, келдiң бе?
Сөзiме айтқан сендiң бе?
Тұңғиық сырдың тұнығын
Жанарымнан көрдiң бе?
Жырымды оқып бiлдiң бе?
Жолыға алмай жүрдiң бе?
Жақсы сөзбен жарасып,
Жақындадың күн-күнге.
Қиял құсым, алып ұш,
Қақпа қанат жаңылыс.
Айналсын ақ таңдарға
Жүректегi сағыныш.





Пікір жазу