06.09.2022
118
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-02-01-25-00.png)
БАУРАҒАН МЕНI БIР СИҚЫР
Жанымды жүрген жаныштап,
Мың ойлар бүгiн тып-типыл.
Жақындап, кейде алыстап,
Баураған менi бiр сиқыр.
Жырымның жiбiн жалғаған,
Жүрекке жеткен күй-тылсым.
Өлкесiн өлең шарлаған,
Сазды әуендi сиқыршым.