06.09.2022
102
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-02-01-25-00.png)
СЕЗIМНIҢ СЫРЛЫ БҰЛАҒЫ
Ән салып тұр маңайым,
Жырламай қалай қалайын?
Айқара аштым алдыңнан
Сағыныш сұлу сарайын.
Ән салып тұр дүние,
Келгендей құлақкүйiне.
Нұрлы көктем, жылы жаз
Кiргендей-ақ үйiме.
Көрiндi күннiң шуағы,
Кеуденi кердi жыр-ағын.
Толқыды, бойға тарады
Сезiмнiң сырлы бұлағы.