06.09.2022
  134


Автор: Сәруар Қамаева

ІШТЕГІ СЫРДЫ АҚТАРАМ

Жалықтым дейсің
Жалқылық ғұмыр-тағдырдан.
Зарықтым дейсің
Күндерден түнді таңға ұрған.
Сауытпын дейсің
Бөгдеге сырды ашпаған.
Алыппын дейсің
Белін мың буып тастаған.
Ақын болсам да
Сезімді сөзбен шайқаған,
Жақын болсаң да
Өлеңсіз қалай айта алам?
Азамат санап,
Жиылып жұртың мақтаған
Өзіңе ғана
Іштегі сырды ақтарам.
Қиялмен ұшып,
Сабырмен бірақ тоқталам.
Сезеді ішім,
Өзіңсіз тұрақ жоқ маған.





Пікір жазу