06.09.2022
  92


Автор: Сәруар Қамаева

КӨКТЕМ ЛЕБІ

Сүйіктім-ау, келген бұл көктем бе еді,
Сезіле ме көңілден көктем лебі?
Қимас сәтті есіме жиі аламын
Шуақ шашқан сонау бір көктемдегі.
Аяулым-ау, көктемдер алыстады,
Қол бұлғайды арман шақ алыстағы.
Сағынышын санама құйған көктем,
Қайта айналып, менімен табыспады.
Өтіпті ғұмырдың сан өткелдері,
Көрінбей-ақ қойдың-ау көптен бері.
Ақ шағала сезімдей өпкен мені,
Ораларсың құстардай көктемдегі.





Пікір жазу