06.09.2022
106
ЖҰЛДЫЗДАЙ ЖАНҒАН ЖАРЫҒЫМ
Қараңғы түнде,
Қараңғы үйде
Жұлдыздай жанған жарығым.
Асығып күнде,
Тасынып мүлде
Төзімнің бұзған қалыбын.
Еркелеп барып,
Қасыңда қалып,
Баураған сезім саны мың.
Арайлап атқан,
Таңымдай тапқан,
Өзіңді сонда таныдым.
Аяулы арман,
Күткен бір алдан,
Күндердің өткен бәрі мұң.