06.09.2022
  269


Автор: Сәруар Қамаева

СӘЛЕМ АЙТ ТУҒАН АУЫЛҒА!

(Бегаршынның сәлемі)
Сәлем айт туған ауылға,
Ағайын-туыс, бауырға.
Көңілі дарқан, қонақжай,
Көрші-қолаң, қауымға.
Сәлем айт сонау бейітке,
Тас мүсін түскен кейіпке.
Үнсіз-тілсіз қауышып
Жатқандарға биікте.
Сәлем айт сонау жотаға,
Туған ел, туған босаға.
Рухың мені қолдасын,
Бақилық болған ата-ана.
Сәлем айт аң мен құсына,
Ауылымның қонған тұсына.
Балалық өткен базарлы
Сәлем айт тау мен тасына.





Пікір жазу