06.09.2022
  127


Автор: Сәруар Қамаева

СЕЗІМДІ ҚАЙДА ҚОЯСЫҢ?

Бір отырып, бір тұрып,
Сабырыңды жоясың.
Жүректе жатқан бұлқынып
Сезімді қайда қоясың?
Кең пейілің көл еткен
Көңіліңді даладай.
Кіріп келсем кенеттен
Қуанасың баладай.
Сезім ерік бермейді
Сол сағатта санаға.
Сездіргің-ақ келмейді,
Қиналасың, жан аға.
Көңіл қайтіп қалғымақ,
Ұйқы ілінбес көзіме.
«Өлең» атты арғымақ,
Ерік бердім өзіңе.





Пікір жазу