06.09.2022
  96


Автор: Сәруар Қамаева

СІЗ ЖАҚҚА...

«Сағыныш» атты сары құс
Ұшырдым, аға, сіз жаққа.
Көңілге түрлі сабылыс
Түсірдім, аға, сіз жоқта.
Елітіп ойдың елегі
Өтеді, аға, сіз жоқта.
Сағыныш толы өлеңім
Жете ме, аға, сіз жаққа?
Қамығып, көңіл жабығып
Қалады, аға, сіз жоқта.
Өзіңді іздеп сағынып,
Барады, аға, сіз жаққа.
Сағыныш бұлты байланып,
Көшеді, аға, сіз жаққа.
Самал желге айналып,
Еседі, аға, сіз жаққа.





Пікір жазу