meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.09.2022
  137


Автор: Сәруар Қамаева

ӨЗІҢ ЖОҚТА...

Өзің жоқта
Бос қалады бұл қала,
Өзің жоқта
Басталады мұң-нала.
Шат көңілді
Шырғалаңға түсіріп,
Тереземнен
Түн қарайды ұрлана.
Өлең жазып,
Отырамын ойланып.
Жұлдызды ұстап,
Құшағыма айды алып.
Өзің жоқта,
Жылжымайды сағат та,
Барлық тілі
Бір нүктеге байланып.
Ойымды оқып
Алғандай-ақ сайланып,
Сырғанап құр
Аяңдайды жайланып.
Сырт-сырт дыбыс
Сан тарапты шарлайды,
Жүрегімнің
Дүрсіліне айналып.
Өзің жайлы
Жыр жазғанда күнімен,
Өзің жайлы
Жыр жазғанда түнімен,
Жарық күндей,
Қараңғыны қақ жарып,
Қайта айналып
Келеріңді біліп ем.





Пікір жазу