06.09.2022
  113


Автор: Сәруар Қамаева

СЕН КЕЛГЕНДЕ...

Сен келгенде
Жұлдыздай жанып тұрғам.
Қараңғыны
Жырыммен жарық қылғам.
Сен келгенде
Күн күлген биіктерден.
Биіктерге
Өлеңді үйіп келгем.
Үйіп келген
Басқанмын мұң ойларды.
Жиып-терген
Ашқанмын жыр-қоймамды.
Күн ұясы -
Таулардың шатқалынан
Қимас жанды
Тапқандай ақтарылам.
Сен келгенде...





Пікір жазу