06.09.2022
132
СЕЗБЕДІҢ МҮЛДЕ
Сезбедің мүлде,
Өзіңмен бірге
Көшіп те кеткен қиялым.
Жолыңа қарап,
Сағатты санап,
Жанарға мұңды жиямын.
Тұл бойым тұнған
Сағыныш-мұңнан
Арыла алмай жүремін.
Телефон-сауыт,
Шыр ете қалып,
Жарылардай жүрегім.
Естілсе үнің,
Төгеді нұрын
Күлімдеп күнім көктегі.
Шаттанып кенет,
Шуаққа бөлеп,
Көрінер көңіл көктемі.
Қалдырып мұңды,
Күйге еніп түрлі,
Құшаққа қайта алар ем.
Айналып аспан,
Жан ба деп басқа,
Танымай мені қалар ең.