06.09.2022
  112


Автор: Сәруар Қамаева

САҒЫНАРМЫН КҮНДЕРДІ

Сағынармын күндерді сағынышты,
Қиял-қанат аспанға алып ұшты.
Менде ерік жоқ, еркім мен еркіндігім
Сендегі іңкәр сезімге бағынышты.
Сағынармын күндерді сағынышты,
Жүрек жанды, өртенді, жалын ұшты.
Қоштасарда өзіңмен қимастықтан,
Жанарымда мұң қалды жалынышты.
Күндер өтті күтумен сағынышты,
Сағынысты сезімдер, сабылысты.
Жасыра алмай қалдым-ау бір өзіңнен
Жүректегі ғаламат жарылысты.
Сағынармын кездерді сағынышты,
Күткен күнді, сарғайған сарылысты.
Томағасын сыпырған қырандайын,
Ұшырайын «Жыр» атты сары құсты.





Пікір жазу