06.09.2022
93
СЫҢАР СЕЗІМ
Сыңар сезім,
Таба алмаған қатарын.
Сездім өзім
Жүрегімде жатарын.
Ауысқандай
Қос тармағы сағаттың.
Тауысқандай
Төзім менен тағатты.
Ойламадым,
Ойлана да алмадым:
Алдымда – адам,
Үй артында жан барын.
Ұзатып сені,
Құлазып жалғыз қалғаным.
Жылатып мені
Бозарып атқан таңдарым.
Сыңар сезім,
Сындарлы екен салмағың.