06.09.2022
127
КІМГЕ АЙТАМ ЖАН СЫРЫМДЫ?
Атқан таң, саған айтып кетейін бе?
Батқан күн, саған баян етейін бе?
Болмаса жария етпей жан сырымды,
Құпия сақтап мәңгі өтейін бе?
Жыр барда жүрек сырын жайып салар,
Тізгінін тарта беру айып болар.
Еріксіз еліктірген тылсым дүние,
Қызығың қас қағымда ғайып болар.