06.09.2022
106
СЕНІҢ КЕЛЕТІНІҢДІ...
Сенің келетініңді
Күткенмін шын жүректен.
Сенің келетініңді
Күтумен көп жыл өткен.
Сол жылдар арасында
Жазылды өлең талай.
Жолықпай қаласың ба?
Сөзіңе сенем қалай?
Көктем боп кезігіп ең
Жалынды жас шағымда.
Бір бақыт сезініп ем,
Жоғалттым қас қағымда.
Жылжытып сынақпенен
Уақыттың көшін алға.
Жүз түрлі сұрақ берем,
Сене алмай осыларға.
Өзіңді бөлек көрем,
Тұлғаң да бір төбе еді.
Сәбидей өбектеп ең,
Жүрегім жыр төгеді.