06.09.2022
  109


Автор: Сәруар Қамаева

САҒЫНДЫМ

Өлең, сені сағындым,
Жоламадың көп күндер.
Екі өкпем қабынды,
Орағандай өткін жел.
Уақытыңда тостырған
Жолықтыра алмадым.
Орыныңды бос тұрған
Толықтыра алмадым.
Тұңғиыққа батырып,
Інжу-маржан сүзгенім,
Таңды көзбен атырып,
Ой кемесі - жүзгенім.
Сыңарымдай болып ең,
Есіне алмай жүр деме.
Айдыныма қонып ең,
Үркітті ме бірдеңе?
Қайырылмай кеттің бе,
Жанарымды талдырып?
Сынық қанат еттің бе,
Мені жалғыз қалдырып?
Қалар болсаң табыла,
Тұрар едім аялап.
Жабырқаған жаныма
Қылар едім саябақ.





Пікір жазу