06.09.2022
194
НАҒАШЫЛАРЫМ
Нағашыларым,
Мойнына салып өсірген,
Қателігімді кешірген.
Өздерің жайлы жыр жазбай,
Тосылам енді несін мен?
Нағашыларым,
Батыл да едім сендерге,
Батыр да едім сендерге.
Алаңсыз сайран салушы ем
Ауылыңа жылда келгенде.
Нағашыларым,
Қақпаушы едің бетімнен,
Саяңда өсіп-жетілгем.
Қамқоршы едің бәрің де,
Ет кесіп берер етіңнен.
Нағашыларым,
Жанашыр жұртым саялы,
Алақандарың аялы.
Сағына еске аламын
Балалық шақты баяғы.
Нағашыларым,
Бір шеті - Омбы мекенің,
Кереку - келіп жетерім.
Тиіп тұрған іргемде
Жарсор, Қоскөл – екі елің.