06.09.2022
  101


Автор: Дихан Қамзабекұлы

САНАЛЫҒА

Бір жапырақ қағаз арнап ұшады,
Еркіндік кем, іші содан пысады.
Жалтаң жерде жайтаңдатпас қырғи бар,
Бұғып құты содан қатты қашады.
Көріне алмай қағаз бетін қаралар,
Шер тарқайтын бір жолым деп шамалар.
Басындағы күнге сенген, сендірген,
Қайтсе дағы бір бағытпен табалар.
Үйтпеген жан жүрек жолын басқа ұстар,
Шамасынша достық ізге жол нұсқар.
Қылт етпелі заман құбылыс жағдайын,
Қайткен күнде жүрегінде нық ұстар.
Бүгін былай, ертең олай – тұрмыс сол,
Саналады бір күн жолсыз, бір күн жол.
Аяқ тайса табалауға әзір-ақ,
Әділдіктен шеткерірек теріс қол.
Сол сықылды баста күнге сенуде,
Жан-тәнімен соған ынта беруде.
Табиғаттың құбылмалы заңдарын,
Сыңар көзбен үстірт қарап көруде.
1932 жыл, ғинуардың 31-і
Шайышқылы ауылында





Пікір жазу