06.09.2022
  71


Автор: Дихан Қамзабекұлы

СОҢҒЫ ТАЮ

Шықтым үйден шошынып,
Суық тиіп құлаққа.
Шала-бұла киініп,
Сөз естілмей тұрақта.
Намаз-жұма оқып ап,
Тарқаттым көпті жиналған.
Соңғы рет жұмға оқуым,
Дауа боп жанға қиналған.
Өшкенім болды жанғандай,
Шерім тарқап көңілден.
Көпшілікті көрумен,
Іштегі қапам бөлінген.
Саналысы көптің де,
Жұма деп соңғы білгенді.
Көңіліне түйсін ап,
Елеңдеп құлақ түргенді.
Бұл бір неғмат санасам,
Шүкірлік ету міндетім.
Екінші неғмат ерік ап,
Торлаушыдан сау кеттім.
Үшінші неғмат паналар,
Адамның елде барлығы.
Білінбей тұр бұл күнде,
Дүниенің кең мен тарлығы.
Түнде жорттым мекендеп,
Әр ауылдың арасын.
Күні бойы бір күні,
Мыңшұқыр таудың панасын.
Пана қылдым өзіме,
Қарауылдап жан-жақты.
Елестетіп көзіме,
Төңіректі, аймақты.
Неғмат аты ортақ қой,
Не тыныштық болғанға.
Шүкірлігі парыз ғой,
Олқыға да толғанға.
Сондықтан еттім шүкірлік,
Жоғары-төмен пікір ғып.
Жалынамын Иеге,
Өзіне шағып бір мұң ғып





Пікір жазу