06.09.2022
  88


Автор: Дихан Қамзабекұлы

СЕҢ

Сары аяз – сүйген жар
Қайырылмай кеткен соң,
Қайратсыз қалың қар
Жылаумен біткен соң.
Жел сипап, күн күліп,
Мазақ қып сүйген соң,
Боларын бір сұмдық,
Ішінен түйген соң.
Қалың мұз кәрленіп,
Қара көк түс алды.
Еруге арланып,
Кетпекке ойланды.
Бұзыла-жарыла,
Антұрған аптықты.
Өзеннің жарына
Асығып соқтықты.
Барында шамасы,
Суыққа қашпақшы.
Мұз теңіз – анасы
Құшағын ашпақшы.
Өткен соң жаз алты ай,
Ашуын жимақшы.
Өзенді еркетай
Ойыннан тыймақшы.
Қалың мұз қара көк,
Ойлама құр бекер
Суыққа жетем деп,
Ыстық күн ерітер.





Пікір жазу