meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.09.2022
  129


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ӘЙ, КӨҢІЛ!

Әй, көңіл! Есер көңіл, қызған көңіл!
Қызумен қызық план сызған көңіл.
Түлкі көрген бүркіттей алабұртып,
Нәпсімді әр нәрсеге бұрған көңіл.
Әй, көңіл! Есер көңіл, қызған көңіл!
Топқа салған жорғадай сызған көңіл.
Елу менен алпыстың ортасында,
Жүрекке суық тидің, мұздан, көңіл.





Пікір жазу