06.09.2022
  134


Автор: Дихан Қамзабекұлы

АЛЫСТАН БОЛЖАП, АҚЫЛМЕН ТОЛҒАП

Алыстан болжап, ақылмен толғап,
Абыройлы бол, ғазиз бас.
Салмақ ет тәнге сабырыңды,
Тигізбе жанға нақақ жәбіріңді.
Әуелінде нәпсің қас.
Байлықта да мұрат жоқ,
Сақауаты болмаса.
Кедейлікте ұят жоқ,
Қиянаты болмаса,
«Бекпін» деп бекер болма мас.
Баланың жолы бір бөлек,
Оның да Алласы бар, не керек.
Сауыты бөлек, сауда дос,
Ағайын-туған, қарындас.
Еңбектес жолдас, ескі жар,
Қия ма сені іші тар?
О да тұлға болар ма?
Елде сұлу көп екен,
Қасыңа келіп қонар ма?
Бұл жұмыстан тағы қаш!
Жабыменен жарысып,
Надандармен алысып,
Қиналып өтті-ау есіл жас!
Енді өзіңе ие бол,
Адасқанға жүйе бол!
Сөзіңе зорлық қыла алмас,
Азық қамда, жол алыс,
Барар жерің бейтаныс.
Ақ жолыңа қадам бас!





Пікір жазу