06.09.2022
  201


Автор: Дихан Қамзабекұлы

АҚЫЛДАН ТҮК ПАЙДА ЖОҚ

Ақылдан түк пайда жоқ,
Қырандай қағып кезбесең.
Білімінен түк пайда жоқ,
Өз мініңді білмесең.
Ақындықтан пайда жоқ,
Ғибрат, тағлым бермесең.
Кішіліктен пайда жоқ,
Үлкенге басыңды имесең.
Кісіліктен пайда жоқ,
Біреудің барын күндесең
Мүмкіндіктен пайда жоқ,
Нақақ жанды кірлесең.
Сабырдан түк пайда жоқ.
Ауырлыққа төзбесең.
Жалқаулықтан пайда жоқ,
Шаруаңа көңіл бөлмесең.
Екі көзден пайда жоқ,
Өз мініңді көрмесең.
Құлақтан түк пайда жоқ,
Жақсы сөзге түрмесең.
Ашудан түк пайда жоқ,
Сабырдан сұра білмесең.
Байлықтан түк пайда жоқ,
Киіп, ішіп, мінбесең.
Туысқаннан пайда жоқ,
Тізеңді қосып жүрмесең.
Қамқа тоннан пайда жоқ,
Иініңе ілмесең.
Сұлудан түк пайда жоқ,
Меншігіңе алып сүймесең.
Алтын үйден пайда жоқ,
Есігін ашып кірмесең.
Алғаннан түк пайда жоқ,
Біреуге өзің бермесең.
Артық жастан пайда жоқ,
Қадіріңмен жүрмесең.
Тіршіліктен пайда жоқ,
Қызықты өмір сүрмесең.





Пікір жазу