05.09.2022
262
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Табандап, тоқсан күні тұрғындарым,
«Құйынның» қайдасыңдар құрбандары?
Тәуелсіз тағдырыңның өшпес ізін,
Жоя алмас сілкінген жер, тұрған дауыл.
Алаңға алаңсыз жас жиылдыңдар,
Құрбан боп қыршыныңнан қиылдыңдар.
Ел үшін егеменді Отан үшін,
Әруақ боп тура хаққа сиындыңдар.
Желтоқсан жаңғыртады жеңісіңді,
Қарасақ қан кешкен күн жеңіл сынды.
Сезініп жүрекке аса жақын алсақ,
Жаңға мұң шөктіреді көңіл сұмдық.
Қайғыдан жұбатады Қайрат аты,
Ләззаттың аты әуен таратады.
Ерлікке жетеледі өжет жасты,
Ер мінез Мырзақұл мен Ербол аты.