05.09.2022
363
ХАҚ ТІЛЕК
Ақын інім Кенжебек Сержанұлына
(Бисмилләһир Рахманир Рахим)
Алдыңда талай асу бар,
Биігін ғана таңдарсың!
Өмірде жақсы, жаман бар,
Ақылыңменен аңдарсың!..
Аманат емес, өзіңді
Азамат етіп сомдарсың!
Қатайып ертең қияғың,
Қыранша биік самғарсың!
Бабадан алып өнеге,
Бабаның ізін жалғарсың!
Туралық Хақтың Жолында,
Хақ Жолын ғана таңдарсың!
Такаппар болсаң, мақтаншақ
Айтқаным рас, оңбарсың!
«Аллаһым!» деп ұш қайда ұшсаң,
Сөйттің бе, биік самғарсың!
Сенімде қайтсең берік бол,
Бұл сөзімде, біл, мән бар шын!..
Қайтсең де Хақты хақтап өт,
Хақ Өзі жолыңды оңғарсын!
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Құл-Керім ЕЛЕМЕС,
Ақын,
«Ресупбликалық «Балдырған» балалар журналының қызметкері,
АЛМАТЫ.
19.04.2014 жыл.