Ләйлә
Шайтанкөлде бір қыз бар Ләйлә деген,
Соған мені ғашық қып байлады өлең.
Ешбір ару, тең келмес еш перизат, --
Шайтанкөлде бір қыз бар Ләйлә деген.
Бала қиял алысқа ала қашып,
Мазасыз
-ды осы бір бала
– ғашық.
...Келе жаттық бір күні Шайтанкөлден
Қалың қара нөпірмен араласып.
Кенет Ләйлә дір етті құшақтағы:
Адамға емес
– аңдарға ұсап бәрі
–
Бір жігітке үш бұзық тап бергені
Найзағайша жарқылдап пышақтары!
Күллі ел қарап қалған сол «тамашаға»,
Ешкім бата алмаған арашаға.
-- Жаның бар ма?!
– деп еді Ләйлә сонда --
Неге тұрсың?
Жүгір!
Тез!
Арашала!
Тұрып қалдым ойыммен кеңескім кеп,
Пышақ тисе жүрекке елеспін... деп.
Сасқанымнан айтыппым:
-- Біреу үшін
Өлетұғын есуас емеспін! деп...
Бейшаралық бір сәтте сорлық қылып,
Махаббат та, мен
-дағы болдық
– ұмыт:
Ару Ләйлә жағымнан тартып қалып:
-- Кет! деп еді --
Жөніңе!
Сорлы жігіт!
...О, менің жастық шағым!
Сен қашан шашып жалын?!
Жыр жазған кездерімде ме
–
Гүл өсіп көңілімде,
Сен
–
Лапылдап көрдің бе өміріңде?
Қалдың жастық көңілдің желігінде,
Алып кете алмадым сені бірге.
Мен ғашық боп,
Бір рет сүйе алмаған
Ләйлә деген арудың ернінде
–
Қалдың
– жастық!
Арманды аңсап, жүдеп,
Жүріп келем алдымда таң сәрі деп.
Іздеп сол бір мәңгілік таппасымды,
Шайтанкөлге жол тарттым қаншама рет.
Шайтанкөлде қалдың сен көлде жүзіп,
Табар ма екем, шіркін-ай, көрсем ізін?
Махаббаттың өртіне түсіп едің,
Жанып кеттің бе екенсің, он сегізім?
Жүрдім екен бойкүйез болып қалай,
Ақылымның тым кешен толыққаны-ай!
Ләйлә -- мәңгі!
Қайтадан туады әлі,
Тек, оларға мендей ұл жолықпағай!
Жолықпасын бойкүйез құшақтағы,
Бұғып қалар суырға ұсап бәрі –
Жер бетіне жендеттер шыққан кезде,
Найзағайша жарқылдап пышақтары!
Шайтанкөлде бір қыз бар Ләйлә деген,
Соған мені ғашық қып, байлады өлең.
Өренім-ай, дейсіңдер маған бәрің,
Өртенуді білмейтін қайдағы өрең?
Шайтанкөлде бір қыз бар Ләйлә деген...