05.09.2022
81
![](/uploads/shorttexts/author_image/118936239-3005264913033768-7346388476001674305-n[1].jpg)
Райнер Мария Рилькенің әуенімен (1875-1926)
Өмір деген әрі – ақиқат.
Әрі – аңыз.
Қасиетті кітап қой ол – қараңыз:
Құдай ғана жазады оны. Біз оның
Кейіпкері ғанамыз.
Жаңа парақ...
Ашылған жоқ ол әлі,
Арқаңа кеп кейде аруақ қонады:
Астамсынып, қалай аласұрсаң да
Тек Тәңірдің тезі ғана болады.
31.01.2005