05.09.2022
  143


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Тәтеме хат

Сіз бен біздің ауысып мекеніміз,
Хатқа отырдым, келді күз, кетеді күз.
Мені ақын ғып жаратқан Тәңірі мен --
Әкем және Тәте сіз екеуіңіз.
Дүниеге ақын боп неге келдім,
Муза ұшты деп несіне ере бердім?
Алтынды ұстап көргісі келетіндей,
Ақынды ұстап көргісі келеді елдің.
Бұл ит жанды фәниден бақи– ірі,
О да болса құранның тақырыбы.
Алтын менен ақынның басты арбайтын,
Бар -- дейді жұрт -- алапат апиыны.
Барға барып ішкен соң,
Монша барып,
Кір қоңымнан кетпеспін онша ағарып.
Колы алтынға жетпеген аш арық ел,
Бір мәз болсын ақынын қоршап алып.
Суда– тегім,
Топырақ,
Желде– тегім.
Аспанда екем деп жүрсем
– елде екенмін.
Алтынға аптап сөз айтқан ақынының,
Көрсін мына ел өзіндей пенде екенін.
Менде сұлу біткенге қарағыш ем,
Мен де елше сіміріп шарап ішем.
Ауаны ішіп абдырап мас болатын,
Адамзатта жоқ неткен ала құс ем?!
Қарқаралға бір қоынып,
Семей кеттім,
Күйеу болып Үйсінді меерейлі еттім.
Қарным ашты менің де, бірақ тағы
Қарға жейтін жемдікті–
Жемей кеттім.
Дүниеге ақын боп неге келдім,
Муза ұшты деп несіне ере бердім?
Алтынды ұстап көргісі келетіндей,
Ақынды ұстап көргісі келеді елдің.
Бұл да болса Құранның тақырыбы.
Фәниіңнен, әрине, бақи– ірі.
Алтын менен ақынның басты арбайтын,
Бар екен ғой алапат апиыны.
2003-06





Пікір жазу