05.09.2022
  153


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Шарабы омар хаямның

Омар Хаям шарап ішпеген.
(Тарихи дерек).
Омарға сенген болады Хаям,
Сенбеген кетпек Хаям да болмай.
(Ж.Жақыпбаев).
А. Біләловқа



Ішеді күллі ел, ішеді.
Мұздаған тәніқызынып,
Әдемі, әсем түс-өңі
Әп-сәтте лаулап– бұзылып.
Дүмпуге небір түскенде,
Жүресің іштейқызынып.
Ой-хой, бір бекзат көрдім ішкенде
Отыратўғын сызылып...
Тауға да ел шығып ішеді,
Күледіқатып ішегі.
Молда да тығып ішеді,
Министрлер де ішеді.
Ішсе де олар, тіпті, танаулап,
Аспанға ұшып барады.
Тік ұшақпенен аң аулап,
Апанға түсіпқалады...
Біреулер үрпек көздері,
Тџбінде соның зіл ұйып:
Іш дейді маған...
Өздері
Ішпейтін жандай жымиып.
Сыры оның маған аян-ды.
Біледіғұмырбаянды,
Біледі Омар Хаямды,
Білмейді басқа Хаямды...
Тарихтан оқып кенел, кел:
Белі де шықпай бесіктен:
Ақындар ішкіш дегенді ол
Іңгәліп жатып есіктен.
Оны елге Омар таратқан
Рубаймен шарап жолдаған.
...Сол шалың, бірақ, шараптан
Ауыз да татып алмаған!
Ішпес емқылғұрт пендеше
Тіліне еріп аярдың –
Оранып жырға келмесе


Шарабы Омар Хаямның.
Қаңқу мен өсек үш жүзден,
Үйіме енді қол салды.
Өзі ішпей, бізді ішкізген,
Жек көріп барам сол шалды...
Сыры елдің маған аян-ды.
Біледі ғұмырбаянды,
Біледі Омар Хаямды
Білмейді басқа Хаямды...





Пікір жазу