05.09.2022
  210


Автор: Жандарбек Жұман

Егізім бар...

Жігерленсем тау көтеріп,от өрем,
Мінезім бар құйын болып кететін.
О,жақсылар! Егізім бар! Аты-Өлең,
еркелігі бір жасына жететін...

Тамырымда тұрады ылғи бөрі ұлып,
көздерімде қалса дағы нала-мұң.
Қара түннің қабағына шер іліп,
жүрегінен өлең жұлып аламын.

Ол болмаса үрейімді жеңбес ем,
Көз алартып қараса да бәрі көп.
Егізімнің ертеңіне сенбесең,
осы жерден оқымай қой,әрі кет!

Жалғызымның мұңды іліп ед кірпігі,
Оны өзінің болмысынан көрсетем.
...Белгілі ғой өлетінім бір күні,
Ал егізім өмір сүре берсе екен!





Пікір жазу