05.09.2022
108
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-10-34.png)
Құштарлық
Құштарлық жат емес-ау ақынға түк,
Келші,күнім, тәп-тәтті күйге өтейік.
Екі еріннің арасын жақындатып,
Тағы да бір вальске билетейік.
Небір қызық күтеді бүгін алда,
Оны кейін есіңе жиі аласың.
Көздеріңді ақырын жұмып ал да,
құшақташы...Несіне ұяласын?!
Ғашықтармыз...Қалайша именемін,
Енді менен,сұлуым,ғаламат күт.
Көйлегіңнің жіңішке түймелерін,
Мына түнге кетейік аманат қып...
Бәрін бірден ұмытып,әл де кетті,
Бұл әдеттің болса да басы-уайым.
Дәнегі шығып тұрар «әңгелекті»
Алақанның астына жасырайын.
Тыңдамаспын бұл сәтте ақылды аса,
Өйткені өртенуде күй іштегі.
Қос еріннің арасы жақындаса-
Жүрек пенен жүректің сүйіскені.
...Мұны оқып сөкпесін басқа жандар,
(Басымызға тұрмасын “бәле” әкеп құр).
Біз емеспіз «вальсті» бастағандар,
Бұрыннан келе жатқан әректен бұл.