05.09.2022
  75


Автор: Жандарбек Жұман

Ғасырға....

Тірімін мен.Бойда мынау бар әлім,
Алып жүрмін тағдырымның сабағын.
Бақытымның мекенінде адасып,
Уақытымның обалына қаламын.

Ешкімге де келмейді ғой бас ұрғым,
Өз мұңымды өзегіме жасырдым.
Талайлардың аялаған арманы,
Кірпінде ілініп тұр ғасырдың.

Құпияңды айтсаң,өмір,ұғар ем,
Бірақ сенен іздемеймін кінә мен.
Қайыршының күнін кешіп жатқандай,
Дұғасынан күнәсі көп мына Әлем!

Қазаны үшін бірі кетті ән құрап,
Біреуі жүр үйден безіп, «әлгіні» ап.
Кішілердің айтатыны-реніші,
Үлкендердің айтатыны-сандырақ.

Тудыртайын деп тұрғам жоқ жеке дау,
Әй,онсызда дауласқандар жетеді-ау.
Бәйге болса өтірікті айтудан,
Жеңімпазы анықталмай кетеді-ау.

Наласымен біразының толды іші,
Мадақ сүйгіш бұл күндері мол кісі.
Бір «қағазға» сыйып кеткен қалайша,
Бұл ғасырдың болмысы?!...




Пікір жазу