meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.09.2022
  161


Автор: Жандарбек Жұман

Соңы Ақпанның...

Соңы Ақпанның...
Жер бетіне сәулесін таратқан Күн,
Періште Қыс қоштасты налып іштей,
...Қимай-қимай жолына қарап қалдым.

Қыс жылады.
Естіліп қиқулаған құстың әні.
Ақ кілемін төсеген ақ мезгілдің,
Моншақ қарын соңғы рет құшты бәрі.

...Қаңтар,Ақпан.
Табиғатқа ызғарын арқалатқан.
Сыңсып дала сіңірді аппақ қарын,
Нұр,шуағын келген соң қалқалап Таң.

Мақсат арба.
Серік болсын көктемде жақсы ат арға.
Ұшып кетті кәрі қыс жасын төгіп,
Ақ қанаты қағылып ақ сапарға.

(ескі өлең ед тауып алдым, жоғалтып алмау үшін жазып қойдым...)





Пікір жазу