04.09.2022
153
![](/uploads/shorttexts/author_image/118936239-3005264913033768-7346388476001674305-n[1].jpg)
Бөрілі – ұлттық байрағым
Бөрілі–
Ұлттық Байрағым.
Сүйінбайша сайрадым.
Ұлыған сайын байрағым,
Менің деқозарқайдағым…
Маза жоқ күндіз,
Түнде–ұйқы.
Ашылып күнде араны, --
Көк иттіқуып, күллі итті
Көк Бөрі ұлып барады!
Көзінде жасы тұныпты,
Күпті боп шерлі күй-көңіл.
Ит-өмір оны ұлытты,
Бізді деқұртты ит-өмір.
Жүрегі оның өр, түкті!
Қызарыпқызыл көзі ісіп;
Жемейді итше жемтікті,
Өзініңқанын–
Өзі ішіп!
Көгіне кегін төккелі,
Талаққып иттік-құлқынды, --
Ұлыған сайын Көк Бөрі
Уытты не бір ұл туды.
Көк Бөрі– жасын от-демі,
Ашқанда аузын сапырды от.
…Келеді қайтып Көк Бөрі–
Батыр боп!
Кейде–Ақын боп!
Көк Бөрі —
Ұлттық Байрағым.
Сүйінбайша сайрадым.
Ұлыған сайын байрағым,
Менің деқозарқайдағым…