04.09.2022
140
Әу баста сұм Әзәзіл періште еді...
Әу баста сұм Әзәзіл періште еді,
Тәңірдің тезіменен келіспеді.
Бұзды да Адам ата – Һауа Ананы,
Бездіріп жіберді ғой Періштені.
Алдына ап ғаламды Алла тербетуде.
Қақы бар кімнің бізді шерлі етуге?
Ғарышқа ұшып кетіп періштелер,
Күнәһар біздер қалдық
Жер бетінде.