03.09.2022
204
Спарта әйелдері
Гүлстандағы бейне гүл,
Болмысы бөлек,
Әлемі–
Спарта деген жерде бір
Әйелдер болған әдемі.
Жауһарға орау обал-ды,
Музаға рухы оранды.
Батырлар сүйді оларды,
Ақындар сүйді оларды.
Қыздары сынды перінің,
Періште елі кімде деп, --
Басқа елдің еркектерінің
Түсіне кірді түнде кеп.
Мейірімін төгіп көзінің,
Жүрегі тулап, дірілдеп,
Ерлерінғана өзінің
Еміреніп сүйді пірім деп.
Аттың да тартып жалынан,
Айқасқа кіріп–
Құлпырды.
Спарта ұлдарынан Ұрандап шабар ұл туды.
Шаттанды зеңгір аспанын
Шалқытып, орап шабытқа– от,
Ұлдары жеңіп қас жауын
Оралса елге –
Табыт боп!
Тұрды олар мәз боп,
Мастанып,
Жұмаққа барып енгелі:
-- Құл туған екен басқа жұрт,
Ұл туғам екем –
Мен!—деді.
…Музаға беріп баласын,
Мұңды ойға батып не түрлі,
Қарқаралыда қалдықайран Анашым –
Спартаның әйелдері секілді.