03.09.2022
  244


Автор: Дихан Қамзабекұлы

БЕС ҚЫМБАТ

«Ең әуел керек нәрсе иман» деген,
«Ақырет iстерiне илан!» деген!
«Құдай кешiрер!» дегенмен, iс бiтпейдi,
«Иман шартын бiлмесе, қинал» деген.
«Екiншi керек нәрсе – ғақыл» деген.
«Ғақылсызда таупық жағы тақыр!» деген.
«Аз iске ашуланып, дiнiн бұзар,
Иманын кәпiрлiкке сатар!» деген.
«Үшiншi қымбат нәрсе– сабыр!» деген,
«Сабырлысы Мұратын табар!» деген.
«Әр iсте сабырсыздың тәубе – зорлық,
Сабырсыздық басқа пәле салар!» деген.
«Төртiншi қымбат нәрсе – шүкiр» деген,
«Нығыметке шүкiрсiздiк – күпiр!» деген.
Жатқан жерден: «Құдай, кешiр!» деген – қорлық,
«Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!» деген.
«Бесiншi, қымбат нәрсе – әдеп» деген,
«Әдепсiзде иман тұру ғажап!» деген.
«Кәпiрлiк – әдептiде тұрмағандай,
Әдеп деген махаббатқа себеп!» деген.





Пікір жазу