03.09.2022
  577


Автор: Дихан Қамзабекұлы

Ер, Азамат туралы

Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.
Ер азамат түзде – мырза, үйде – құл.
Ердің ісі – тәуекел.
Ердің малы елде,
Еріккенде қолда.
Ерегестен ер өлер.
Тәуекел қыл да тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Ер қанаты – аты.
Ердің сыншысы – елі.
Ерге лайық ат туады.
Сыпайы тонын Тәңір пішеді.
Жалынған қорған емес,
Жағаласқан қорған.
Ер көңілді – бала жүректі.
Ер жігіт бір күнде – бір кісілік,
бір күнде – мың кісілік.
Төс айылдың батқанын иесі білмес ат білер,
Ер жігіттің қадырын ағайын білмес жат білер.
Ердің атын иә аты, иә қатыны шығарады.
Ер егіз, еңбек жалқы.
Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер.
Ер тарықпай молықпайды.
Батыр ортақ, бақ жалқы.
Су жетпейін десейді жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді мал жеткізбейді.
Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.
Назыңды ер көтереді,
Ер көтермесе жер көтереді.
Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.
Қашпақ, қумақ – ерге сын,
Көшпек, қонбақ – елге сын.





Пікір жазу