03.09.2022
  433


Автор: Дихан Қамзабекұлы

Егіншілік туралы

Қашып кетсең шашып кет.
Қыстық азығыңды жаз жина.
Берген алар, еккен орар.
Дауыл болмай жауын болмас.
Жер тоймай ер тоймайды.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Жер – ырыстың кіндігі,
Ер – ырыстың кілті.
Тәуекел тау жығады.
Басқа тимесе тасқа тиеді.
Дүниеде тас қатты,
Тастан да бас қатты.
Жігіттің құны – жүз, ары – мың жылқы.
Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.
Екі тентек елге симас.
Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан.
Болатын елдің баласы бірін-бірі батыр дер,
Тозатын елдің баласы бірін-бірі қатын дер





Пікір жазу