03.09.2022
  81


Автор: Дихан Қамзабекұлы

САРЫ МАЙ

Елден келген сары май –
Ажары астың дәмі-ай.
Жалынды жетім жүректің,
Сөнбеген отын дәрім-ай.
Татқан көңіл тамылжып,
Қояр ма сені сағынбай.
Арқаңа жазып атыңды,
Келдің бе жолдан жаңылмай?
Кеше алыстап кетіп ем,
Бұлдырап ұшқан сағымдай.
Сібірден шығып сыр кештім,
Жырамен өрге қағылмай.
Ет пен құртты ерітіпсің,
Қанатың жүрген жаңылмай.
Сені көріп жадырап,
Жайлансын жүрек тарылмай.
Тоқтың бағын көтеріп,
Жүруші ең ашқа табылмай.
Сені қуған көп еңбек,
Талайы қалған дарымай.
Құшақтайын өбейін,
Қуансын жүрек налымай.
Гүлдендірген өмірді,
Бейістен шыққан балым-ай.
Тау жаңғыртып үн қосар,
Тілімнен шыққан зарым-ай.
Есіркеген еске алып,
Тілегін қосқан жарым-ай.
Қатықсыз, дәмсіз қара су,
Тек жүргенде бәрі – май.
Тірліктің гүлін жайнатқан,
Махаббаттың дәні – май.
Тіреліп өмір өріне,
Мінеки, тұрған шағым-ай.
Күйдіріп ішке шоқ салған,
Жалғыз ботам, жаным-ай.
Ойлағанда сағынып,
От шығады жалындай.
Сені өсіріп қызықтап,
Күніңде күңгірт тарындай.
Тілегенұлы Ысқақ





Пікір жазу