03.09.2022
  68


Автор: Дихан Қамзабекұлы

КІМ ҮШІН?

Сәуірдің денеге өтіп көшпе бұлты,
Саз төсек жерден қазған үйдің сұрқы.
Су кешіп белбау шешпей өң өзгеріп,
Жатпаған азаматтың неткен сиқы.
Күн де жоқ айығып бұлт жадыраған,
Жер де жоқ буын шашып маужыраған.
Күн төніп, салқын жүзбен жер мұңайып,
Жел ұлып ашу төгіп азынаған.
Жыбырлап жәндіктер жоқ жүрген кезіп,
Бар әлем тыпыр етпей жатыр семіп.
Шырайсыз табиғаттың сұры қашып,
Үмітсіз уақыттың да бәрі өзгеріп.
Жыры ма, шаттығы ма біле алмаймын.
Әйтеуір бар әлем тұр күңіреніп.
Күңгірт ой жүректі де шымшып кетед.
Өмірдің қала ма деп оты сөніп.
Әйтсе де үмітпенен көңіл бөлем,
Тулаған терең ойдың ішіне еніп.
Анадан туғаннан-ақ өлім бар деп,
Шырылдап жыламап па ем жерді теуіп.
Сондағы меңіреу өлім бір күн келер,
Өрленіп алысқанның бәрін жеңер.
Көлденең жақсы жаман артта қалып,
Жым-жырт боп мылқау денең жерге кірер.
Ал енді олай болса мұны қойып,
Ойдың құр түк өнбейді бәрін қуып.
Келейін қайта айланып мақсатыма,
Жұтайын жырдың суын қанып тойып.
Әлемнің кейістігі еңбек үшін,
Еңбек жанса бар теңдік өнбек үшін.
Сол теңдіктің алдыма торын құрған,
Күншілдің сыбағасын бермек үшін.
Аспанды ашулансам жер қылам деп,
Күн сілкінер өзгертіп шырай түсін.
Барлық еңбек бірігіп тілек қосып,
Көрсетпек қан майданда жігер күшін.
Ішінде сол еңбектің мен де бірі,
Теңдіктің жеміс күткен жігерлі ұлы.
Ұл деген сөз ерсі боп көрінбесін,
Жүргем жоқ боламын деп байдың құлы.
Кім үшін тоңамын мен саз кешемін,
Қазба жер жатқан үйім тал төсегім.
Ұйқы жоқ күндіз түні бүрсең қағып,
Не қуаныш алдымнан не күлемін.
Кімге біз шын жүрекпен қарасамыз,
Тілегенұлы Ысқақтан
«Черемошки» лагері





Пікір жазу