ТАҚПАҚ НАЗЫМ
Құрметлу зайғы өмірден
Ұйқыда көрген түс артық,
Тар жерде тартқан кешуден,
Ерлердің қылған күші артық.
Қу қанжыға жүйріктің,
Тобыршақтан несі артық,
Көктемесе жаңбыр боп,
Қайырсыз жаздан қыс артық.
Тобылғылы шұбардан.
Панасыз таудың несі артық,
Қадір білмес туғаннан.
Құныңды білген дос артық.
Ауру үшін жан қиған,
Туысы жақсы бас артық.
Білмей шалқып сөйлеуден,
Сойлемей тұру бес артық.
Білмегенге бағасын,
Алтыннан да мыс артық.
Бұл опасыз дүние,
Болмайды деуге осы артық.
Атасы болған жаманнан,
Өзі болған тең артық.
Кейінгіге үлгі қалдырған,
Шешендердің тілі артық.
Әрбір істің қалпына,
Аңғырттықтан еб артық,
Шаппайтын алмас қылыштан,
Қолдағы қамшың көп артық.
Су аштысы теңізден,
Тумада болса көл артық.
Арық малдың етінен,
Бір тостаған сок артық.
Сайран етіп жүруге,
Қараңғы түннен күн артық.
Қара үзіп кеткен шешен жоқ,
Өзімнен орап көк артық.
Шамалы жерге талықпан,
Артсаңда ауыр жүк артық.
Мағынасын білмей түсінген,
Сөйледі демес неге артық.
Таразы маһшар күнінде,
Алла білер кім артық.
Күні суық зымыстан,
Қаһарлы қыстан жаз артық.
Көз жұмып күш айтқаннан,
Базына қылған наз артық.
Шаң көрсетпес жүйрік жоқ,
Қара үзіп кеткен оза артық.
Он ұл туса біреуден,
Бірінен-бірі жүз артық.
Бағасынша өзінің,
Қалайыдан жез артық.
Ойға салсаң Нұржанның,
Көп ақыннан сөзі артық.
Бей ғамал жеңіл көңілден,
Сабыр еткен ой артық.
........ жоқ ақылға,
Керек емес бой артық.
Әр құралың сай болсын,
Шамаң келсе жи артық.
............... жаны қосылған,
Досқа болмас си артық.
Жауһарыңды мыс қылмай,
Сақтауға керек ми артық.
................................. даналар,
Бұл сөзімді біл артық.
Неше топқа салғанда,
Мүдірмей кеткен тіл артық.
Жиренше сынды шешеннен,
Осы күнде кім артық.
Қызыл гүлің солмай тұрып,
Ер жігітке тәубе артық.
Ғазиз жаның тілейді,
Қастеліктен сауда артық.
Әммә жерден ағыла ғып,
Хақ жаратты тауды артық.
Қызығып қақпан басарсың,
Достан көрсең жауды артық.
Бей асылдан асыл артық.
Нәсілсізден нәсіл артық.
Дос көңілін жаралап,
Іс қылмайды асып артық.
Кір жұқтырмай бойына,
Сақтап жүрер басын артық.
Шұбар құнан көзденбес,
Дәулет баққа тасып артық.
Риязат жолын қуғанға,
Кемел ишам пір артық.
Қаққа мойын ұсынғанның,
Ықыластан болса бәрі артық.
Дүниеге мәшһүр болсаң да,
Өлгеннен соң қалған тірі артық.
Наушабайұлы Нұржаннан
09.04.1937 ж.