Кеудеңе қандай дәру аласың...
Кеудеңе қандай дәру аласың
Өкпеңнің дерті қозғалтпағанда?
Ару анашым
– аруанасың.
Ботаң ем. Босып... Боздап қалам ба?!
Із
-түзсіз қайтып өше бересің
Аптыққан ауру кос өкпеменен.
Көзімнен күнде көшеді елесің,
Түн сайын сырқат төсектен көрем.
Кеудеңді нендей пәле қысады
Асыл тәніңді езіп, тек
– күрмеп.
Өмірден, сонда зәрем ұшады
Өңірден осы безіп кеткім кеп!
Кеудеңнің зауал дертін білмедім,
Түн
-ғұмыр соған тұйықталды ма?
Жетім күндерім, жесір күндерің
Өкпеңе шер боп ұйып қалды ма?!!
Сені іздеп талай қиырға барам
Жаутаңдап жұрттың қарайды үміті.
Ақ сүтіңнен кеп құйылған маған
Ақындық деген
– Абай рухы.
Із
-түзсіз қайтып өше бересің
Аптыққан ауру қос өкпеменен.
Көзімнен күнде көшеді елесің,
Түн сайын сырқат төсектен көрем.
Күйіктен өрттей жана ма кеудең?
Тастай қашсам ба кең даланы мен:
Өмірге ақын адам әкелген
Ананың шерін мен ғана білем!
Кешермін ата тірлігін мен де,
Көшермін бір күн жырымды ап жырақ.
Өмірге менің кіндігімнен де
Бір бала келер шырылдап жылап.
Сол бала... ағып көзімнің соры
Өлеңімді оқып толғана ма шын
-ақ?
Ақымақ болса -- өзінің соры:
Ақын болмасын сол бала, бірақ!
От құйып Муза жалыны арыма,
Өстіп мен енді маздап
-ақ өтем.
Бір Ақсұңқардың шаңырағында
Бір ақын болса аз бола ма екен?
Күйіктен өрттей жана ма кеудең?
Тастай қашсам ба кең даланы мен,
Өмірге ақын адам әкелген
Ананың шерін мен ғана білем...
Кеудеңді нендей пәле қысады
Асыл тәніңді езіп, тек – күрмеп.
Өмірден сонда зәрем ұшады
Өңірден осы безіп кеткім кеп!