03.09.2022
  136


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ҚАРАСҰР АЯҢДАЙ БЕР, ҚАҚПАН БЕЛІМ

Қарасұр аяңдай бер, қақпан белім,
Тар көпір, тайғақ кешу шапқан жерің,
Былғансаң бел сақтаймын шомыламын,
Ақ сабын айдын көлдей қайран елім.
Көңілімді көтерейін сөйле, тілім,
Не керек іште жатып бекер білім.
Қарлықты қарындастан жапа тартып,
Сайраған садуғаштай қайран үнім.
Жайқалған жапырақтай жас өмірде,
Көріксіз қолмен соқтың көк темірді,
Жаман ат жақын жерден ұшырасып,
Сұлтандай сүйегімді ит кемірді.
Қаз табан жүйрік едім тас баспаған,
Қасқайып қалың топқа сөз бастаған.
Бақа ойнап, балық жүзіп, қоян ішті,
Қақпақты шыңырау едім жан ашпаған.
Орманбетұлы Нарманбеттен (1905)
05.02.1937 ж.





Пікір жазу