03.09.2022
123
ДҮНИЕ
Дүние адастырар қуғаннан соң,
Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң.
Дүние аз күншілік пәни жалған,
Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.
Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,
Ер жігіт елсіз құлаш жаза алмайды.
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар,
Әр адам өз әлінше базарлайды.
Қорамсаұлы Ақан серіден
24.01.1937 ж.