03.09.2022
  89


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ЖАҚСЫ

Ынтымағы бірге болса көп жақсы,
Сөйлегенде аңғырттықтан еп жақсы.
Ынтымақсыз бытыраған қоғамнан,
Қалың біткен даладағы шөп жақсы.
Қолдан келмес босқа ұмтылып жұмысқа,
Жүргеннен де бойды баққан бек жақсы.
Аралатып қорыттырса пікірін,
Бәрінен де жиһангездік сол жақсы.
Іздеп тапса дүние жүзін құрытып,
Пікірі абзал мынаны көр деп жақсы.
Тарауланған жол түбірін таныса,
Анық ақыл тиянағы сол жақсы.
Табиғатқа пікір барып жалынса,
Мұнан артық табылмайды көп жақсы,
Қараңғылық жарық қандай айырса,
Тұрмысқа бас қаһарман сол жақсы.
Айырмасаң адал-арам арасын,
Үйде отырған көжемді ішіп мен жақсы.
Көзің болса алыс жерді көретін,
Қырағысың менендағы сен жақсы...
01.06.1935 ж





Пікір жазу